Қыз өссе – елдің көркі

Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы.
Болашақ  ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу барша қауымның мідеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған.  Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің  бірі. Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан – дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғадығын, дәулетке, байлыққа қызықпағандағын жыр – дастандардан білеміз. Қазақ арулары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. «қыз» ең қасиетті сөз. Себебі, бүкіл адамзат қыздан тарайды. Қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіп, ұлт қатарын көбейтеді. Кең даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрінің біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
тәрб
10 мая, 17:47
24

ӘЙЕЛДЕР НЕГЕ ЖЫЛАЙДЫ?

Кішкентай ұлы анасынан «Сен неге жылайсың?» деп сұрайды.

— Өйткені, мен — әйелмін.

— Түсінбедім.

Анасы ұлын құшақтады да, «Сен оны түсінбейсің» деді.

Сонда ұлы әкесінен сұрады:

— Неге анам кейде себепсіз жылайды?

— Кейде барлық әйелдер себепсіз жылайды, — әкесінің бар жауап бергені.

Ұлы үлкейді, ер-жігіт болды, бірақ таңданғанын қоймады: «Әйелдер неге жылайды?»

Бір күні ол Жаратушыдн сұрайды. Жаратушы:

— Мен әйелді жаратқанда оның сұлу болғанын қаладым.

Мен оған бүкіл әлемді көтеретіндей қауқарлы иық және гүлден де өткеннәзіктік бердім.

Мен оған толғақ пен басқа да  ауруларды көтере алатын шыдамдылықбердім.

Мен оған жігер бердім, күшті болғаны соншалық, басқалар құлап жатса да, өзі алға ұмтыла түседі және басқа сүрінгендерге, ауруларға, шаршағандарға демеу болады.

Мен оған ештеңеге қарамай баласын жақсы көретін мейірімділік бердім, тіпті баласы өзін ренжітіп жатса да.

Мен оған бүкіл кемшілігіне қарамай, күйеуіне демеу болатын күш бердім.

Мен оны жүрегін сақтап тұрсын деп, еркектің қабырғасынан жасадым.

Мен оған жақсы күйеу әйелінің  ешқашан жанын ауыртпайтынын, кейде мұңайтқанымен, үнемі жанында болатынын түсінетін даналық бердім.

Және де мен оған көз жасын бердім. Қуанышта да, қайғыда да жылауға ерікбердім.

Оның сұлулығы жүрегіне жол тартатын көзінде. Үлкен махаббат орнаған жүрегіне..

 
адам
4 мая, 14:13
53

Үш ауыз сөз

Біздер достығымызды ұлғайту, арттыру үшін, көптеген нәрселерді жасай аламыз. Ең тиімдісі үш ауыз сөз.

Мен қазір келемін…
Егер түн ортасында досыңа телефон шалып, баламды дәрігерге апару керек, немесе машинам жолда бұзылып қалды дегенде, “Мен қазір келемін” деген үш ауыз сөздің адамға қалай әсер ететінін білетін боларсыз. Қиналған адамның жанынан табылып, сүйеу болу, біздің оларға деген сезіміміздің адалдығын көрсетеді. Бұл жағдайда бұл сезіміміз бен достығымыз жаңара, ұлғая түседі. Рухани жанданады. Досыңа қол ұшын беру – ізеттіліктің белгісі.


Мен сені сағындым…
Мүмкін адамдар арасындағы қарым-қатынастар үзілмес пе еді, егер бір-біріне “Мен сені сағындым” дегенді жиі айтатын болса. Бұл үш ауыз сөз адамның қаншалықты қажет, сүйікті, аяулы екенін сезінуге көмектеседі.
Елестетіп көрші, тұрмыстың ауыртпалығынан шаршап, жұмыстың көптігінен еңсең түсіп, жабырқап тұрған сәтте жаныңа жақын адам телефон шалып, “Мен сені сағындым” десе, қандай сезімге бөленер едің?

Мен сені ардақтаймын…
Ардақтау – сезіміңді білдірудің тағы да бір жолы. Құрмет сол адамның сенімен тең екендігін білдіреді. Егер сен балаңмен тең дәрежеде сөйлесетін болсаң, онымен ара қатынасың жақсы және нағыз достардай болатыныңа кәміл сен. Бұл достық қарым-қатынасқа да қатысты.

Сенікі дұрыс болар…
Бұл сөздер үзілгелі тұрған сезімдерді қайта жалғауға көмектеседі. “Сенікі дұрыс болар” деген бір жағынан “менікі дұрыс емес” дегенді меңзейді, бірақ дауласқан сайын ол адам өз көзқарасын нығайта түседі. Ол немесе сен өз дегендеріңнен қайтпасаңдар, оның арты неге соғатыны белгілі, яғни достықтарыңды жоғалтуларың мүмкін. “Сенікі дұрыс болар” деп айту арқылы сен кейінірек осы тақырыпқа қайта оралып, оның және өз көзқарасыңды ой елегінен өткізіп, ақылға салуыңа мүмкіндік аласың.

Өтінемін, кешір мені…
Егер адамдар өз қателіктерін түсініп, бір-бірінен кешірім сұрай білсе, көп қарым-қатынастарды қайта жандандыруға болар ма еді. Көбісі қателік жасап, сәтсіздікке тап болғанда әлсіз болып кетеді. Адамдар ешқашан өз қателіктерін мойындаудан ұялмау керек, бұл оның кешеге қарағанда бүгін ақылдырақ болғанын көрсетеді.

Менің алғысым шексіз…
Ризашылық сезімі – ізеттіліктің биязы түрі. Басқа адаммен достығын бағалайтындар күнделікті ізеттілікті ризашылық деп қабылдамайды. Көрсеткен мейірімі мен шарапаты үшін достарына алғыс айтудан танбайды. Ал достарынан алыстай бастағандар кейде ризашылық сезімін жоғалтып та жатады.

Мен саған сенемін…
Дос дегенің – бәрі сенен теріс айналғанда, сенің жаныңнан табылатын адам. Нағыз достықтың бір бөлігі – адалдық. Ол – адамдарды жақындататын бір күш секілді. Бір жағдайға душар болсаң, жақын досың саған: “Мен саған сенемін” деп, өзіңе деген сеніміңді арттыруға тырысады.
Көмектесуге рұқсат ет…
Ең жақсы дос өзінің досына қажеттілігін сезініп, жанынан табылуға тырысады. Кішкене болса да жабырқағанын көргенде, көңілін көтеру үшін не істеу керегін біледі. Не жағдай болғанын сұрамастан, досына келіп өз көмегін береді.

Мен сені түсінемін…
Өздерін түсініп, қандай болса сол қалпында қабылдайтынын сезсе, адамдар арасындағы сезім оларды жақындатады.
Жақын досыңа оның жанын қалай түсінетініңді сездіре білсең, достықтарың арта түседі.

Сені жақсы көремін…
Бұл өмірдегі айтқан ең маңызды үш ауыз сөзің болар. Шын жүрегіңмен ұнататыныңды білдірсең, оларға терең сезім қажеттілігін, басқалардың бағалайтынын, өздерін қалайтынын сезіндіреді, рахат сезімге бөлейді.
Сенің жанұяң, достарың, сенің өзің де осы бір үш ауыз сөзді естігін келіп тұратыны белгілі.
Сені жақсы көрем!!!

Осы бір сөздердің күштілігі сонша, айтқан кезде, жаңа достарды табуға, арасы суи бастаған ескі достығымызды қайта жандыруға көмектеседі.

Үш ауыз сөз достығымызды арттырады.

сө, досты
15 апреля, 19:27
151